Алғашқы сөздермен танысып, бірге оқып үйренейік! «Көңілді жауапқұмар №1» — 2 жастан асқан балаларға арналған танымдық кітап. Ол балаға айналасындағы заттарды, жануарларды және күнделікті өмірде кездесетін ұғымдарды суреттер арқылы таныстыруға көмектеседі. Кітаптың көркем иллюстрациялары баланың назарын аударып, жаңа сөздерді есте сақтауды жеңілдетеді. Буынға бөлінген сөздер арқылы бала сөздердің айтылу ырғағын байқап, оқуға біртіндеп дайындала алады. Кітаптағы тақпақтар, жаңылтпаштар мен сұрақтар ата-ана мен бала арасындағы қызықты әңгімеге негіз болады. Суреттердегі заттарды бірге атап, ұқсастықтарын табыңыз, балаңызға қарапайым сұрақтар қойыңыз. «Көңілді жауапқұмар №1» — алғашқы білімді ойынмен ұштастыратын көңілді кітап.
Первые слова, интересные вопросы и весёлое знакомство с чтением! «Весёлая отвечалка №1» — познавательная книга для детей от 2 лет, которая знакомит малыша с окружающим миром и помогает постепенно подготовиться к чтению по слогам. На страницах ребёнка ждут знакомые предметы, животные и различные темы из повседневной жизни. Крупные красочные иллюстрации помогают связывать слова с изображениями, а деление слов на слоги делает их звучание более понятным. Стихи, скороговорки и вопросы дополняют иллюстрации и позволяют превратить чтение в совместную игру. Рассматривайте картинки, называйте предметы и обсуждайте увиденное вместе с ребёнком. Книга помогает пополнять словарный запас, развивать внимание и поддерживать интерес к первым занятиям с книгами.