Жануарлар әлемінде де достық, ақыл мен айла қатар жүреді! «Жан-жануарлар әлемі» — жануарлардың қызықты оқиғалары арқылы балаларды ертегінің ғажайып әлеміне жетелейтін жинақ. Бұл кітапта аңдар мен үй жануарлары сөйлейді, бір-бірімен жарысады, достасады, кейде айлаға барады, ал кейде қиын жағдайдан ақылымен шығады. «Піл мен тышқан», «Қасқыр мен лақ», «Тапқыр қоян», «Әтеш пен түлкі» сияқты шығармалар жануарлардың әртүрлі мінезін көрсетіп, балаларды кейіпкерлердің әрекеттері туралы ойлануға шақырады. Түрлі түсті суреттер әр оқиғаны әсерлі етіп, кейіпкерлерді жақынырақ тануға көмектеседі.
Что происходит, когда звери начинают разговаривать, спорить и учиться друг у друга? «Жан-жануарлар әлемі» («Мир животных») — сборник увлекательных сказок о повадках, характерах и приключениях самых разных животных. На страницах книги встречаются слон и мышь, волк и козлёнок, петух и лиса, сообразительный заяц и другие герои. Через занимательные истории ребёнок знакомится с понятиями хитрости, доброты, осторожности и находчивости. Красочные иллюстрации помогают представить сказочный мир и следить за развитием событий.