Ақыл — таусылмас қазына, тапқырлық — қиындықтан шығар жол. «Зерделі ертегілер» — зеректік, даналық, әділдік пен тапқырлықты дәріптейтін қызықты ертегілер жинағы. Кітаптағы кейіпкерлер күшпен емес, көбіне ақылымен жеңіске жетеді. Бірі қиын сұраққа жауап іздейді, бірі әділетсіздікке қарсы тұрады, енді бірі тапқыр шешімімен айналасындағыларды таңғалдырады. «Тапқыр Таймас», «Ақылды қыз бен тапқыр жігіт», «Ақылды қыз бен мейірімсіз хан», «Бала-патша» сияқты шығармалар жас оқырманды оқиғалардың шешімін өз бетінше болжауға ынталандырады. Бұл кітап ертегі оқуды ұнататын, кейіпкерлердің іс-әрекеті мен таңдауы туралы ойлануға қызығатын балаларға арналған.
Как победить, если противник сильнее? Можно ли добиться справедливости благодаря уму? «Зерделі ертегілер» («Мудрые сказки») — сборник казахских сказок о смекалке, честности и способности находить решения в самых сложных ситуациях. Главные герои здесь — умные девушки, находчивые юноши, справедливые люди и правители, которым предстоит сделать непростой выбор. В историях «Тапқыр Таймас», «Ақылды қыз бен тапқыр жігіт» и других произведениях читателей ждут загадки, неожиданные решения и интересные повороты сюжета. Такие сказки удобно читать и обсуждать с ребёнком: почему один герой оказался прав, в чём ошибся другой и какое решение можно было бы предложить самому?