«Ырыс алды – ынтымақ» — қазақ халқының бірлік пен татулықты, адал еңбек пен адамгершілікті дәріптейтін ертегілер жинағы. Кітаптағы шығармалар балаларға ұйымшылдықтың, өзара көмектің, сыйластық пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіреді. Жинаққа «Ақылгөй торғай», «Ырыс алды – ынтымақ», «Жамандық неден болады?», «Бейбітшілік туралы ертегі», «Жұдырықтай бидай дәнегі», «Бақ, Қызыр және Ақыл», «Ата мұра», «Туған жер туралы жыр», «Ырыс кімде?», «Үш ауыз ақыл», «Еңбектің рақаты», «Жоғалған хан қызы» шығармалары енген. Ертегілер арқылы оқырман бірліктің күші, ақылдың құндылығы және жақсылық жасаудың маңызы туралы ой түйеді. Көркем суреттермен безендірілген кітап балалардың сөздік қорын байытуға, оқуға қызығушылығын арттыруға және ұлттық тәрбие құндылықтарымен танысуына көмектеседі.
«Ырыс алды – ынтымақ» («Основа благополучия — единство») — сборник казахских народных сказок, посвящённых важным нравственным ценностям. В центре повествований — единство, взаимопонимание, справедливость, трудолюбие, уважение к людям и любовь к родной земле. В книгу вошли двенадцать произведений, среди которых «Ақылгөй торғай», «Ырыс алды – ынтымақ», «Жамандық неден болады?», «Бейбітшілік туралы ертегі», «Ата мұра», «Туған жер туралы жыр», «Үш ауыз ақыл» и «Еңбектің рақаты». Герои сказок показывают, почему важно помогать друг другу, поступать честно, прислушиваться к мудрым советам и стремиться к согласию. Благодаря разнообразию сюжетов и ярким иллюстрациям книга подходит для самостоятельного чтения и семейного обсуждения народных историй.