«Қайсысы үлкен?» — қазақ халқының өмірлік даналығын, тапқырлығын және адамгершілік құндылықтарын бейнелейтін ертегілер жинағы. Кітаптағы оқиғалар балаларды ойлануға, кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға беруге және жақсылық пен жамандықтың айырмашылығын түсінуге жетелейді. Жинаққа «Шаямардан патша», «Қайсысы үлкен?», «Қара қошқар», «Алты ақымақ, бір зерек», «Әуезханның қырық ұлы», «Хан Шалқан», «Аюбала» шығармалары енген. Ертегілерде қарапайым адамдардың тапқырлығы, әділдікке ұмтылыс, ақылдылық пен адалдық маңызды орын алады. Қызықты оқиғалар мен күтпеген шешімдер балаларды кітап оқуға ынталандырады. Мазмұнды мәтіндер мен түрлі түсті суреттер қазақ халық ертегілерін танып-білуге мүмкіндік береді.
«Қайсысы үлкен?» («Кто старше?») — сборник казахских народных сказок, в которых важную роль играют мудрость, справедливость и умение находить выход из непростых ситуаций. Герои этих историй сталкиваются с испытаниями, принимают решения и обнаруживают, что ум, честность и находчивость нередко оказываются важнее богатства или высокого положения. В сборник включены сказки «Шаямардан патша», «Қайсысы үлкен?», «Қара қошқар», «Алты ақымақ, бір зерек», «Әуезханның қырық ұлы», «Хан Шалқан» и «Аюбала». Разнообразные сюжеты помогают детям познакомиться с народным творчеством, развивать читательский интерес и обсуждать поступки персонажей. Иллюстрации дополняют содержание и помогают представить героев и события.