Қаланың тынысын тарылтқан жұмбақтың артында кім тұр? Қала тұрғындары таза ауамен тыныстағысы келеді. Бірақ бір күні айналаны жағымсыз иіс басып, ауаның ластануы үлкен мәселеге айналады. Мұның себебі неде? Ал жұмбақ Доктор Әпчих кім? «Доктор Әпчих және оның қорқынышты құпиясы» — жазушы Мадина Муминованың экологиялық мәселелерді қызықты детективтік оқиғамен ұштастырған балаларға арналған шығармасы. Оқиғада журналист Робик-Торғай күмәнді жағдайды зерттеп, ластанудың себебін анықтауға тырысады. Ал жануарлар таза ауа үшін алаңдап, қоршаған ортаны қорғауға үн қосады. Кішкентай оқырман кейіпкерлермен бірге жұмбақтың шешімін іздеп, оқиға желісіндегі құпияларды біртіндеп ашады. Бұл кітап несімен қызықты?
Детективтік оқиға мен күтпеген жұмбақтар;
Ерекше мінезді, есте қаларлық кейіпкерлер;
Ауаның ластануы және тұрмыстық қалдықтар мәселесі;
Табиғатты қорғау мен жауапкершілік тақырыбы;
Александра Сафонованың ерекше стильдегі иллюстрациялары.
Кітап баланың қызығушылығын оятып қана қоймай, таза ауаның адам мен жануарлар үшін қаншалықты маңызды екенін түсінуге көмектеседі. Оқып болған соң балаңызбен бірге «Ауа не себепті ластанады?», «Қаламызды таза ұстау үшін не істей аламыз?» деген сұрақтарды талқылауға болады. «Доктор Әпчих және оның қорқынышты құпиясы» — қызықты тергеу арқылы табиғатты қорғаудың маңызын танытатын ерекше кітап!
В городе происходит что-то странное. Воздух становится всё грязнее, а жители требуют объяснений. Кто за этим стоит? «Доктор Әпчих және оның қорқынышты құпиясы» («Доктор Апчхи и его страшная тайна») — необычная детская история Мадины Муминовой, в которой экологическая проблема превращается в настоящее расследование. Загадочный Доктор Апчхи скрывается среди мусора и загрязняет окружающий воздух. Жители города обеспокоены происходящим, а журналист Робик-Воробей принимается выяснять причины загрязнения. В ходе расследования читателя ждут неожиданные персонажи, подозрительные обстоятельства и важные открытия о том, как отходы влияют на окружающую среду. Автор не просто рассказывает об экологии, а создаёт приключенческую историю, которая побуждает ребёнка самому искать ответы. Почему эта книга интересна детям и родителям?
Детективный сюжет с тайнами и расследованием;
Запоминающиеся персонажи и необычный художественный мир;
Актуальная тема загрязнения воздуха;
Возможность поговорить о мусоре и экологической ответственности;
Выразительные иллюстрации Александры Сафоновой.
Книга помогает начать разговор о том, откуда появляется загрязнение и почему чистый воздух важен для людей и животных. «Доктор Апчхи и его страшная тайна» — история, в которой раскрытие загадки становится первым шагом к пониманию экологической проблемы.