Дәмді әлемнің есігін ашайық! «Мизам. Ерекше сөздік. Тағамдар» — 3 жастан асқан балаларды тағамдар әлемімен таныстыруға арналған интерактивті картон кітап. Кітапта түрлі жемістер, жидектер және күнделікті өмірде кездесетін тағамдар бейнеленген. Бала алмұрт, алма, банан, қарбыз, ананас және басқа да өнімдерді суреттер арқылы танып, олардың атауларын үйренеді. Кітаптың басты қызығы — ашылатын терезелер! Әр терезені ашу бала үшін кішкентай жаңалыққа айналып, кітаппен қайта-қайта ойнауға ынталандырады. Кітапта тағамдар тақырыбына қатысты 60 сөз қамтылған. Суреттерді бірге қарап, «Қай жемісті жақсы көресің?», «Қарбыздың түсі қандай?», «Алманы көрсетші!» деген сұрақтар арқылы қызықты ойын ұйымдастырыңыз. Кітап баланың сөздік қорын молайтуға, заттарды танып, ажыратуға және күнделікті тағамдар туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыруға көмектеседі.
Открываем окошки и знакомимся с миром вкусных продуктов! «Мизам. Ерекше сөздік. Тағамдар» («Необычный словарик. Продукты питания») — интерактивная картонная книга на казахском языке для детей от 3 лет. Маленьких исследователей ждут яркие иллюстрации фруктов, ягод и различных продуктов питания. Яблоки, груши, арбузы, бананы, ананасы и другие знакомые продукты помогают ребёнку узнавать и запоминать новые слова. Особенность книги — открывающиеся окошки. Они делают знакомство с продуктами более увлекательным: малыш может открывать их, рассматривать изображения и повторять названия. В книге представлено 60 слов по теме питания. Показывайте ребёнку картинки, обсуждайте любимые фрукты, называйте цвета и находите знакомые продукты на кухне или во время покупок. Такие занятия помогают расширять словарный запас, развивать внимание и закреплять знания об окружающем мире через привычные повседневные вещи.