Ойын ойнап, ойымызды дамытайық! «Мизам. Ойын-сауық кеші» — 4 жастан бастап балаларға арналған қызықты тапсырмалар мен логикалық ойындар жинағы. Кітапта бала көңілді кейіпкерлермен бірге түрлі тапсырмаларды орындап, ойлау қабілетін, зейінін және байқағыштығын жаттықтырады. Кітапта қандай тапсырмалар бар?
Лабиринттен дұрыс жолды табу;
Геометриялық пішіндер мен түстерді салыстыру;
Белгілер мен суреттерді сәйкестендіру;
Заттарды сипаттамасына қарай анықтау;
Логикалық тапсырмаларды орындау.
Мысалы, «Ғажайып бұлттар» тапсырмасында бала әртүрлі пішіндегі бұлттарды салыстырады, ал «Жеміс себеті» ойынында жемістер мен көкөністерді берілген белгілер арқылы анықтайды. Түрлі түсті иллюстрациялар тапсырмаларды қызықты етіп, баланы өздігінен жауап іздеуге ынталандырады. Кітапты ата-анамен бірге немесе баланың дайындығына қарай өздігінен пайдалануға болады. «Ойын-сауық кеші» — әр тапсырмасы жаңа ойынға айналатын қызықты кітап!
Играть, думать и находить ответы — настоящее удовольствие! «Мизам. Ойын-сауық кеші» («Весёлый праздник») — развивающая книга для детей от 4 лет, наполненная разнообразными игровыми заданиями. На страницах малыша ждут лабиринты, упражнения на распознавание фигур и цветов, задания на сопоставление и поиск правильных решений. Например, в упражнении «Ғажайып бұлттар» («Удивительные облака») ребёнок сравнивает формы и цвета, а задание «Жеміс себеті» («Корзина с плодами») предлагает определить овощи по их признакам. Такие игры помогают развивать логическое мышление, внимание, наблюдательность и умение следовать инструкции. Весёлые персонажи и яркие иллюстрации поддерживают интерес к выполнению заданий.