Пішіндер әлемі қаншалықты қызықты екенін білесің бе? «Мизам. Пішіндер әлемі» — 5 жастан бастап балаларды геометриялық пішіндермен таныстыратын және логикалық ойлауын дамытуға көмектесетін танымдық кітап. Кітаптағы тапсырмалар арқылы бала шеңбер, шаршы, үшбұрыш сияқты пішіндерді танып, олардың ерекшеліктерін салыстыруға үйренеді. Көңілді кейіпкерлермен бірге суреттерді қарап, пішіндерді сәйкестендіріп, дұрыс жауаптарды іздеуге болады. Мысалы, кітаптағы құмнан жасалған қамал бейнеленген тапсырмада бала әртүрлі пішіндерді тиісті орындарына орналастырып, суреттер арасындағы байланысты табады. Мұндай жаттығулар баланың кеңістіктік түсініктерін, зейінін және байқағыштығын дамытуға көмектеседі. Түрлі түсті суреттер мен ойын түріндегі тапсырмалар математикаға деген алғашқы қызығушылықты арттырады. «Пішіндер әлемі» — геометрияны ойын арқылы танып-білуге арналған қызықты кітап!
Оказывается, геометрические фигуры окружают нас повсюду! «Мизам. Пішіндер әлемі» («Мир геометрических фигур») — развивающая книга на казахском языке для детей от 5 лет. На страницах ребёнок знакомится с основными геометрическими фигурами, учится замечать их особенности и находить подходящие изображения. Вместе с весёлыми персонажами малыш выполняет задания на сравнение, сопоставление и распознавание форм. Например, в одном из заданий предлагается помочь героям правильно соотнести геометрические фигуры с изображениями на песчаном замке. Игровые упражнения развивают внимание, пространственное восприятие и начальные математические представления. Красочные иллюстрации помогают сделать знакомство с геометрией интересным и доступным.