Жануарлар әлемінде қаншама құпия бар! «Ақ аю неге тоңбайды?» — балаларды жануарлардың тіршілігі мен таңғажайып қасиеттерімен таныстыратын танымдық кітап. Ақ аю мұзды өлкелерде қалай тіршілік етеді? Кенгурудің қалтасы қандай қызмет атқарады? Мысықтың мұрты не үшін қажет? Кітапта жануарлар туралы балалар жиі қоятын 26 сұраққа түсінікті жауаптар берілген. Әр сұрақ шынайы табиғат құбылыстарымен байланысты және түрлі түсті суреттер мен қызықты деректер арқылы толықтырылған. Бала жануарлардың дене құрылысын, тіршілік ортасына бейімделуін және ерекше қабілеттерін танып біледі. Әр жануардың өзіне тән ерекшелігі бар. Сол құпияларды бірге ашайық!
Почему природа наделила разных животных такими необычными способностями? «Ақ аю неге тоңбайды?» («Почему белый медведь не мёрзнет?») — детская книга о разнообразии и удивительных особенностях животного мира. Как белые медведи приспособлены к холодному климату? Для чего кенгуру нужна сумка? Как кошачьи усы помогают животному ориентироваться? Книга объединяет 26 вопросов и ответов о животных, их строении, поведении и приспособлении к окружающей среде. Яркие иллюстрации и интересные факты делают знакомство с естествознанием увлекательным и наглядным. Читая книгу, ребёнок расширяет представления о природе и учится замечать, насколько по-разному устроена жизнь животных.