Отбасымыз туралы ағылшынша сөйлеп, түстерді үйренеміз! «English № 1» оқу құралы 4 жастан асқан балалардың ағылшын тіліндегі сөздік қорын қалыптастыруға арналған. Кітапта балаға таныс әрі түсінікті тақырыптар қарастырылған. Алғашқы бөлімдерде отбасы мүшелерінің ағылшынша атаулары берілген. Бала ата, әже, әке, ана, аға, әпке сияқты туыстық атаулардың ағылшын тіліндегі баламаларын үйренеді. Сондай-ақ бала түстердің атауларымен танысып, суреттерді қажетті түстерге бояу арқылы үйренгенін бекітеді. Кітапта:
Отбасы мүшелерінің ағылшынша атаулары;
Сөздердің қазақша аудармасы;
Ағылшынша айтылу үлгілері;
«Listen and repeat» жаттығулары;
Суреттерді танып, дұрыс жауапты таңдау тапсырмалары;
Түстерді үйренуге арналған бояу жұмыстары бар.
Кітаптағы жаттығулар баланың жаңа сөздерді түсінуіне, оларды дұрыс қолдануына және есте сақтауына көмектеседі. Оқу құралын ата-анамен бірге үйде немесе балабақшадағы ағылшын тілі сабақтарында қолдануға болады.
Изучаем английский язык на примере семьи и знакомых предметов! Книга «English № 1» предназначена для детей от 4 лет, которые начинают изучать английский язык с опорой на казахский. Обучение организовано вокруг понятных ребёнку тем. На красочных иллюстрациях представлены члены семьи, их английские названия, произношение и перевод на казахский язык. Ребёнок учится узнавать и называть членов семьи, а также знакомится с английскими названиями основных цветов. В книге есть:
Английские слова с переводом на казахский;
Запись произношения;
Задания на изучение членов семьи;
Упражнения «Посмотри и назови»;
Упражнения «Повтори и раскрась»;
Игровое закрепление изученных слов.
Благодаря наглядности и повторению ребёнок постепенно запоминает слова и начинает применять их в простых выражениях. Пособие подходит для занятий с родителями и дошкольного изучения английского языка.