Ата-аналарға ескерту
Бұл кітаптың негізгі бағыты ‒ 3–4 жастағы баланың жас ерекшелігін ескере отырып, қарапайым
математикалық түсініктерді қалыптастыру. Бала 1 мен 5-ке дейінгі сандарды тура және кері санауға
жаттығады. Саусақпен санау арқылы сан үйренуге қызығушылығы артады. Бала реттік (бірінші,
екінші ...) және есептік (бір, екі, үш ...) сан есімдерді дұрыс қолдануды үйренеді. «Біреу, аз, көп, сонша»
сөздерін мағынасына қарай дұрыс қолдануға дағдыланады. 5-ке дейінгі сандарды ретімен айтуға
жаттығады. «Үлкен–кішкентай», «ұзын–қысқа», «кең–тар», «биік–аласа» деген сөздерді пайдалана
отырып, заттарды салыстыруды үйренеді.
Жапсырмалармен жұмыс істеу тапсырмаларды жеңіл, ойын түрінде өткізуге мүмкіндік береді. Қолдың
ұсақ моторикасын дамытады.
Бала тапсырмаларды ересектердің көмегінсіз, өз бетімен орындаған жағдайда сапалы білім алады. Ал
егер көмек қажет болса, баланың сол шешімді өз бетімен табуына бағыт берген жөн.
Бұл кітап-дәптер балаңыздың жылдың кез келген мезгіліндегі, кез келген уақыттағы ‒ сабақта, үйде,
демалыс күндерінде, саяжайда, жолда нағыз серігі болады.
Тапсырмалар баланың білімге деген қызығушылығын арттырады, көңіл күйін көтереді. Уақыты да тиімді өтеді.
Басты мақсат ‒ баланың әрбір іс-әрекетіне оң баға беру арқылы жақсы нәтижеге жету.