«Сен білесің бе?» энциклопедиясының «Қазақстан» деп аталатын бөлімі мектеп оқушыларын тарихымызбен, мәдениетімізбен, өнерімізбен, әдебиетімізбен, салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызбен әрі танымал тұлғаларымызбен, жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемімен таныстырады. Сонымен қатар бұл кітап – көптеген құпия жайттар мен тарихи оқиғалардың, табиғи құбылыстардың сырын түсінуге көмектесетін энциклопедиялық жинақ. Көркем тілмен қысқа әрі нұсқа жазылған мәтін балалардың туған жері мен халқына, тілі мен дініне, әдебиеті мен мәдениетіне деген мақтаныш сезімдерін оятып, ұлы ата-бабаларының асыл мұрасын құрметтеуге баулиды.
Бұл жинақтың мектеп оқушылары үшін тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, жаратылыстану, т.с.с. пәндерді меңгеруге көмекші құрал бола алатыны сөзсіз..